Шымкентте бүгін тағы 8 адамның короновирус жұқтырғаны анықталды

Шымкент қаласында бүгін тағы да 8 адамнан короновирус анықталды. Арасында 4 жасар бүлдіршін де бар. Қауіпті дерт, яғни вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Барлығы да өздерінен ауру анықталғанға дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Дер кезінде карантиндік стационарға жатқызылған. Сөйтіп барлығынан да зертханалық сынама алынған. Бүгін сынама қорытындысы бойынша сегізінен де короновирус нақтыланып отыр.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Арнайы штабтың берген мәліметі бойынша қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық екен. Аты жаман ауруды жұқтырғандар бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Дәл қазіргі уақытта аталған науқастармен қарым-қатынаста болған барлық  адамдар анықталып, түгелдей медициналық бақылауға алынып отыр. Короновирус жұқтырған сегіз шымкенттіктің тұрғылықты жерінде, яғни ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жалғасатын болады. Дәл қазіргі уақытқа 01.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 201 адам анықталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*