Биыл аудан аумағындағы елдімекендерде 18 шақырымды құрайтын 43 көшеге ирригациялық арық орнату жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтсақ:
– Түркістан шағын ауданындағы Беткей көшесі (Беткей-Жүсіпов көшесі аралығы);
– Самал-1 шағын ауданындағы Қазиев көшесі (Б.Нұрлыбеков көшесі аралығы);
– Орталық аумақтағы 8-шағын ауданы Мамытов, Кентау көшелері, Б. Момышұлы көшесіндегі № 19 көп қабатты үй аумағы, Круговой, Рысқұлов және Орманов көшелері аралығы және Рысқұлбеков № 50 «А» көпқабатты үй аумағы;
– 112 орамдағы Шынар, Сарыағаш, Ахметов және Искра көшелері;
– Наурыз шағын ауданындағы Ж. Тұяқбаев көшесі;
– Ақжар елді мекеніндегі Тәуелсіздік, Құттыкөл, Ағынсай көшелері;
– Ақтас елді мекеніндегі Жылтыр, Деркөл, Сұлушаш көшелері.
Сонымен қатар, Қазығұрт елді мекеніндегі Оңдасынов, Түркістан, Жастар, Талдыкөл, Қаратас, Отырар, Мақталы, атауы жоқ 2 көше, ал Құрсай елді мекеніндегі Ащысай, Күмістікөл, Сатқанбайұлы, Мамешов, Қосарал, Қайнарлы, Қостерек, Егіндікөл, Алтынасар, Алтынды, Таңатар, Ұзынағаш және Жылысай, Сарытау, Ақтекше, Ақойман көшелеріне ирригациялық жүйелер жүргізіледі.
Абай ауданы әкімі Шәкір Асылханұлы жақында аудан аумағында атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар шараларды аралады. Атап айтқанда, Жиделі шағын ауданында бой көтеріп жатқан жаңа сквердің құрылысымен танысқан әкім, оның маңыздылығына […]
Шымкент қаласы үшін қысқы маусым – ерекше жауапкершілікті талап ететін кезең. Қаладағы ауа райының қолайсыздығы, қар мен мұздың түсуі, көлік қозғалысының қиындауы сияқты мәселелердің алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылданып, қар тазалау жұмыстары басталды. Қысқы […]
Шымкент қаласында коммуналдық төлем бойынша 29 922 азаматтан өтінім келіп түскен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. — Аталған […]
Пікір қалдыру