Түркістан облысында биыл 50-ден астам мектеп бой көтереді — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасө зқызметі.
Алдағы уақытта облыста бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасады. Бүгінгі таңда облыстағы 133 жекеменшік мектепте 34 362 астам оқушы білім алуда. Қысқа уақыттың ішінде өңіріміздегі жекеменшік мектептер желісінің артуы – мектеп тапшылығын қысқартуға үлкен үлесін қосуда.
Бүгін Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында Әбілқайыр Оспанов атындағы «SEA BILIM» жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Айтулы білім ордасының ашылу салтанатына ел ақсақалдары, ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар қатысты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтап, оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» дей келе білім сапасын жақсарту, ұстаздар мен оқушыларға қолдау көрсетуді тапсырды. Жекеменшік секторды білім саласына инвестиция салуға шақырды. Инвесторлар қаржысымен мектеп салуда Түркістан облысы көш басында тұр. Осы тапсырманы орындау мақсатында өңірде білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – бүгін Ордабасы ауданында жаңа мектептің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Баршаңызды қуанышты сәтпен құттықтаймын. Осы мектептен білімді, дарынды оқушылар шыға берсін! – деді Дархан Сатыбалды.
Салтанатты жиында мектептің лентасы қиылып, іс-шараға қатысушылар оқу кабинеттерін, асханасын, спорт зал мен кітапханасын аралады. Құрылысы былтыр басталып, тапсырылған 1350 орындық мектеп заманауи пән кабинеттерімен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған.
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар көп. Ниет білдіргендерге түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие де қарастырылған. Бұл бағытта сайрамдықтар да өз ісін дөңгелетіп отыр. Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында […]
Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылған «Қарасора-2025» республикалық кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция департаментінің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатысқан гарнизондық саптық жиын өткізілді. Бұл жиын өңірдегі құқық қорғау […]
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді. Ұлы Жібек жолы құрылған сәттен бастап дамып, өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орны […]
Пікір қалдыру