Шымкентте 40 миллиардтан астам қаржыға құрылыс жүріп жатыр

Бүгінде Шымкент қаласында 110 нысанның құрылысы жүріп жатыр — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Шымкент қалалық Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде  құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, бұл жұмыстарға басқарма тарапынан 30,940 миллиард теңге қаралса, “SHYMKENT” ӘКК” АҚ  10 миллиард теңге жұмсап отыр. Бұл қаржыға көлемі 387,5 мың шары метрді құрайтын 4594 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй салынады. Сонымен қатар, 15 мектеп бой көтермек. Мұнан бөлек, 3 миллиардқа жуық қаржыға 11 нысанның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізіліп жатқан көрінеді.

«Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен де 49 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол 1919 пәтер немесе 190 мың шаршы метр. Ағымдағы жылы осы 26 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Ал, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізіліп жатқан 3 нысанды жыл соғына дейін тапсырамыз. Биыл 6 мектептің құрылысы бітеді. Бүгінде 5 меткеп аяқталып қолданысқа берілді. 1 мектепті желтоқсанда тапсыруды көздеп отырмыз. Ол Тұран шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп. Қалған 9 мектеп 2020 жылға өтпелі»- дейді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*