Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, «ҚазСуШар» мекемесінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бекітілген шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Досан Жамединов, аудандағы инвестициялық жобалардың орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев баяндама жасап, мәжіліске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Орын алған олқылықтар мен кемшіліктердің шешілу жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, мәжіліс барысында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков егістік алқаптардағы су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, жазғы вегетациялық кезеңдегі ағын судың мәселесі мен 210 дана тік дренажды ұңғымалардың құрылысы туралы, ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов тұрғындар мен бюджеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындықтары туралы және қала, кент, ауылдық округтерді абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстары жайлы айтып өтті.
Жиын соңында аудан басшысы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша атқарылар жұмыстардың сапасын арттыруды тапсырып, нәтижесін өз бақылауында ұстайтынын ескертті.
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа […]
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін бекітілген кестеге сәйкес Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықты […]
Пікір қалдыру