Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес кезекті кездесуімді Жылы су ауылдық округінде өткізді.
Жиында алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен, ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап бердім, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрдім.
Жыл басында тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген 10 мәселенің бүгінде 4-і орындалса, 6-ы орындалу үстінде.
Нақтырақ айтар болсам, Сейфуллин елді мекеніндегі Қосымбаев көшесіндегі электр бағаналары мен трансформатор «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан ауыстырылса, округ аумағындағы жалпы саны 42 дана тік дренаж ұңғымаларының жұмысқа жарамдылығы тексеріліп, қажеттілігіне қарай іске қосылуда.
Сонымен қатар, Мырзашоқы елді мекені аумағынан өтетін КХ-9 автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, Жылы су елді мекеніндегі авариялық жағдайдағы мәдениет үйінің ғимараты бұзылуда.
Одан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Жылы су ауылындағы М.Әуезов көшесіне электр желілерін салуға 735 мың теңге, Әл-Фараби ауылының Атақоныс және Жоба көшелерін жарықтандыру жұмыстарын бастауға 11 млн теңге, Мырзашоқы елді мекеніне спорт алаңшасын салу үшін 22 млн теңге бөлінген. Ал, Мырзашоқы ауылындағы Жоба, Баққоныс ауылындағы Жоба, Ақбұлақ көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 24,2 млн теңге қаралған.
Сондай-ақ, биылғы жылы ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 3 мектептің, 2 амбулатория мен 4 фельдшерлік-акушерлік пункттің, Асықата кентінен 3 қабатты 54 пәтерлі, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызыл таң елді мекенінен 2 қабатты 16 пәтерлі, Қазыбек би ауылдық округінің Қазыбек би елді мекенінен 2 қабатты 16 пәтерлі арендалық үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
1 мектеп күрделі жөндеуден, 5 мектеп пен 3 балабақша ағымдағы жөндеуден өтуде, 6 мектептің жылыту қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға қосу жоспарланған. Қарақай ауылдық округінің Сәтпаев, Жаңа ауыл ауылдық округінің Мырзашөл елді мекендеріндегі мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтуде.
Жиын соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Кезек күттірмейтін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берді.
Биылғы жылдың басында Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуімде өзекті деген 6 мәселе көтеріліп, оның 4-і шешімін тапса, қалған 2-і орындалу үстінде. Нақтырақ айтар болсам, Кетебай елді мекеніндегі егістік жерлердегі сарқынды суларды қашырту үшін 2 […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін бекітілген кестеге сәйкес Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықты […]
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясына белсене қатысқан Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындары санитарлық жұмыстарын жыл соңына дейін үздіксіз жалғастыратынын айтады. Округке қарасты Мырзашөл елді мекенінде өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына 300-ге тарта адам мен 7 техника […]
Пікір қалдыру