Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бүгінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту — басты міндеттердің бірі. Себебі, халқының саны көбейіп, шекарасы ұзарып жатқан қаламыздағы бірден-бір елді мекен. Бірнеше жыл бұрын ғана бос жатқан жерлерде бүгінде үйлер тұрғызылып, халық жайлы қоныстанған. Инфрақұрылымы неғұрлып тез шешілсе, түрлі кәсіптердлің төбесі көрінері анық. Ал, кәсіпкерлердің көбеюі қала экономикасын а әсер етпей қоймайды.
Осыған орай, қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінде бірнеше нысанның құрылысы қарқын алған. Атап айқанда, Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас, Мәмешов тұйығы, Зайсан, Өскент көшелеріне асфальт салынды. Сонымен қатар, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе көшелерінде құрылыс жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде.
2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды. Қалған көшелерді жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.
Сондай-ақ, ауыз су мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болады.
Өз құқығыңды біліп, оны талап ету құқықтық сауаттылықтың тек бір бағыты. Кейде, заңды біле тұра ешнәрсе істей алмайтындай жағдай болады. Себеп – құқықтық сауаттылықтық болмауы. Салдарынан түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін. Ондай жағдай да, адамдар […]
“Ғалымдар 50 жылдан кейін адамзат көміртегі отынының жетіспеушілігі проблемасына тап болады деп болжайды. Ал, 100 жылдан кейін бұл отын болмауы мүмкін. Демек біз жаңартылатын энергияға көшуіміз керек”. Осылай деген № 8 мамандандырылған гимназияның 11 сынып […]
Бүгінде мемлекет қарапайым азаматтардың қауіпсіз, жайлы, бақуатты өмір сүруі үшін барынша қолайлы жағдай жасап келеді. Әсіресе, соңғы жылдары қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанының куәсіміз. Мұны мен өзім қызмет атқарып жүрген денсаулық […]
Пікір қалдыру