Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.
Қазіргі таңда бұл аталған қалалардың байланыстырушы жолы едәуір тар және кептелісі де жоқ емес. Айналма жолдың маңыздылығы сол көлік жүргізушілерінің еркін және сенімді жүргізуіне ыңғайластырылған. Айналма жолмен көбіне алыс жолға шығатындар жүреді. Сондықтан да, Мемлекет басшысы айтқандай халықтың барлық жағдайын жасауға әрет ету керек.
Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды. Жаңа жобаларды ұсыну, құптау шаралары жүргізілсе айналма жолдың ауылы алыс емес. Қаламыздағы Ташкент пен Алматы трассасына шығу үшін қала ішімен өтуді қажет етеді. Халқы тығыз орналасқан Шымкенттің Қазығұрт, Құрсай елдімекендерінің тұрғындары үшін жүк көліктері үлкен кедергі. Айналма жол салынса, бұл мәселенің түйіні шешілмек.
Бүгін Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік […]
Бүгін Шымкент қаласындағы «Intellect» физика-математикалық лицейінде «Балалар жылы»-на орай «Әсемдік әлемі» атты дефиле өтті. Бұл іс-шарада оқушылардың қолөнер және тігін саласындағы еңбектері кеңінен насихатталды. Аталған кештің мақсаты – ұлттық киімдерді насихаттай отырып, оны күнделікті өмірде […]
2024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 324.7 млрд теңге тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты. Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырғанда 28,1%-ға […]
Пікір қалдыру