Бүгін Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сенбілікке жиылғандар бес аудан территориясында өздеріне белгіленген аумақтарды қоқыстардан, күзгі жапырақтардан тазартты. Соның ішінде Қаратау ауданы әкімдігі аймағына қарасты А.Асқараов атындағы дендрологиялық саябақты тазартуға 1000 нан аса адам жұмылдырылды.
— Дендрологиялық саябақ — қаламыз үшін маңызды аумақ. Аймақты тазартуға қызметкерлерден бөлек 500-дей студенттер мен оқушылар қатысып отыр. Олар саябақ ішіндегі орындықтарды, бордюрларды сырлайды. Жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан сенбілік жақсы дағды болып қалыптасуы қажет, –деді Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов.
Саябақтағы сенбілікке жиылғандар ағаштарды күзеп, қураған бұталарды қырқып, күзгі жапырақтарды жинады. Ерікті студенттер мен оқушылар шараға апта сайын қатысып келе жатқандығын айтады.
— Сенбілікке мұғалімдерімізбен бірге келдік. Бізге бояу мен щеткаларды бөліп берді, қазір бодюрларды сырлап жатырмыз.Сенбілік шарасы жақсы бастама. Қаланың көркіне, тазалығына атсалысу өзіме ұнайды.Сондықтан апта сайын қалмай келіп, қатысуға тырысамын, — деді ОҚМА- ның студенті Ақжүніс Хайтмамбетова
Айта кетейік, тазалық акциясы қазан-қараша айларында жалғасады.
Шымкент қаласындағы №10216 әскери бөлімінде айрықша мәнге ие күн өтті — 35 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді. Бұл — олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы. Бұған дейін азаматтық өмірде жүрген жастар енді нағыз әскери […]
Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласына әкім болып тағайындалғалы тынымсыз қаланы аралап жүр. Ондағы мақсаты шаһардағы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, маңызды мәселелермен етене танысу болса қажет. Аңғарған болсаңыздар, әлеуметтік желідегі парақшасы мен баспасөз қызметі таратқан ақпараттарда кабинетте […]
Құрметті салық төлеушілер, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда коронавирусқа байланысты 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан, Шымкент қаласы […]
Пікір қалдыру