КӘСІПОДАҚТАР: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ТЕРІС ӘСЕРІН АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ

18-19 қазанда Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Климаттың өзгеруі мәселелері бойынша кәсіподақтардың іс-әрекеттері» өңірлік конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Ұлттық кәсіптік орталықтарының өкілдері, қазақстандық және халықаралық сарапшылар (ХЕҰ) қатысты.
Екі күн ішінде конференцияға қатысушылар аймақтағы еңбек нарығының дамуына климаттық өзгерістердің әсерін зерттеп, кәсіподақтар мен әлеуметтік серіктестердің «әділ көшу» шараларын жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерін талқылады. Кәсіподақтар үшін «әділ көшу» термині — жұмысшылар мен олардың қауымдастықтарының қиындықтарын азайта отырып, климаттық әрекеттің пайдасын барынша арттыратын тұрақты климаттық өзгерістерге және төмен көміртекті экономикаға қарай жылжу дегенді білдіреді.
Конференцияның бірінші күнінің модераторы, Еуропа және Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі ACTRAV / ХЕҰ Сергей Гловацкас бүкіл әлемде болып жатқан климаттық өзгерістер адам өмірінің барлық салаларына, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесіне теріс әсер ететінін атап өтті.
«Конференцияның мақсаты сарапшылардың зерттеулерімен танысу, проблемаларды талқылау және кәсіподақ ұйымдары тарапынан климаттың жұмысшыларға және жалпы еңбек нарықтарына әсерін барынша азайту жөніндегі бірлескен іс — қимылдар үшін шаралар әзірлеу», — деді халықаралық сарапшы.
Қазақстандық сарапшы Саруар Кенжебулат Климаттың өзгеруі және әділ көшу саласындағы Қазақстан кәсіподақтарының іс-қимыл стратегиясын айқындау жөніндегі өзінің зерттеуінде климаттық өзгерістердің еңбек нарығына әсерін және әлеуметтік әріптестер қабылдайтын шараларды талдады. Сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуға қоршаған ортаның теріс әсерін барынша азайту мәселелерінде кәсіподақтардың одан әрі іс-қимылдары бойынша ұсынымдарын келтірді.
Өңірлік конференция жұмысын аяқтай отырып, ұйымдастырушылар оның қатысушыларының жемісті жұмысын атап өтті.
«Кәсіподақтардың алдында қызметкерлердің жаңа «жасыл» жұмыс орындарына әділ көшуін қамтамасыз ету және кадрлық теңгерімсіздікті азайту сияқты басты міндет тұр. Кәсіподақтар барлық деңгейдегі әлеуметтік диалог пен Ұжымдық келіссөздер арқылы климат жөніндегі ұлттық стратегияларды әзірлеуде, бағалауда және іске асыруда өздеріне орын беруі тиіс», — деп атап өтті ХЕҰ өкілі Сергей Гловацкас.
«Еңбек нарығындағы климаттың өзгеруінің теріс әсерін тек бірлескен күш-жігермен азайтуға болады. Бүгін Ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері ұсынған барлық шаралар әлеуметтік әріптестер мен халықаралық институттар үшін ұсыныстардың негізіне алынады», — деп қорытындылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*