САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ⁣⁣⠀

Шымкенттегі Орталық саябақта 25 қазан – Республика күніне орай «Fitness park kz» жобасы аясында «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық сайыс өтті.
⁣⁣Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қала тұрғындары арасынан он команда қатысып, өзара бақ сынасты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
— Қимыл мен ептілікті жетілдіретін спорттық жарысқа «Достық», «Жігер», «Қазақ арландары», «Әскер», «Жалын», «Заңғар», «Алаш», «Алау», «Арыстан», «Бірлік» тобынан құралған жанұя қатысты. Талап бойынша бір топта төрт адам болды. Сайыс – шармен секіру, су тасу, кір қыстырғыш жинау, жұмыртқаны жарып алма, көңілді доптар, қаппен секіру, орныңнан тұрып ұзындыққа секіру ойындарынан құралған. Тапқырлық танытып, ептілік көрсете білген команданы қазылар алқасы бағалады, – деді Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданындағы бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбай. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Байқаудың қорындысы бойынша «Қазақ арландары» командасы жеңімпаз атанып, жүз мың теңгелік сыйлыққа ие болды. Екінші орынды «Достық» жанұясы алса, үшінші орын «Арыстан» тобына бұйырды. Одан бөлек, барлық команда арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, дәл осындай сайыстар тек денсаулыққа оң әсерін беріп қоймай, бірлік пен татулықтың көрінісін береді. Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру қоғамның реттілікпен қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*