Аспан асты елінен тағы да ақжолтай хабар жетті. Жастайынан спортты жанына жалау еткен Шымкенттік спортшы ел қоржынына оныншы алтынды салды.
WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальді салды.
Жергілікті чемпион әйелдер арасында +68 келі салмақтағы ақтық айқаста Софья мен Арика Гурунгпен күш сынасты. Жекпе-жек басталғаннан ширақ қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 3-0.
Берульцева — Каратэден Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері, Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі.
2021 жылы каратэден Токио қаласында (Жапония) өткен ХХХІІ Жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Сондай спортшы — Азия Чемпионтының үш дүркін жеңімпазы, екі дүркін күміс жүлдегері,
Тенерифе /Испания/ қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы.
2022 жылы Конья қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ойындарының, Премьер Лига рейтингтік Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Ханчжоу татамиінде Софья өзінің жүлде коллекциясына жетпей тұрған санаулы медальдің біріне қол жеткізді. 22 жастағы қазақ каратэшісі бұған дейін Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған. Сонымен қатар спорттың осы түріндегі ең беделді жарыстың бірі Премьер-лигада 4 рет алтыннан алқа тағып, тағы бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген. Азияның 2 дүркін чемпионы, тағы 3 рет күміс, 1 рет қола медаль алған. Сондай-ақ Берульцева былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен XI Дүниежүзілік ойындарынан Қазақстанға жалғыз алтынды алып келген.
Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады. Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде […]
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын, халықтың жанкүйерлік рухын көтеретін көрсеткіш. Сондықтан еліміз спортты дамытуға айрықшы көңіл бөлуде. Мәселен, он тоғыз жылдан бері елімізде спорт күні белгіленіп атап өтілуде. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде әр […]
Шаһарда қала әкімдігі тарапынан спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілуде. Осындай қолдаудың нәтижесінде шымкенттік спортшылар Жазғы Азия ойындарында жарқын жеңіске жетті. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия Ойындарының жеңімпаздарымен кездесті. Халықаралық жарысқа қаламыздан […]
Пікір қалдыру