Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — табиғатты аялай отырып, шырайлы Шымқаламыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.
Бадам өзенінің жағалауын тазалауға қала әкімі мен құрылымдық басқармалары және аумақтық органдардың қызметшілері үлес қосты.
Қаланы қоқыстан тазартуға шаһардың ластануына бей-жай қарамайтын түрлі жастағы адамдар атсалысты. Экобелсенділер, студенттер және өзге де тұрғындармен бірге зейнеткерлер де сенбілікке шықты.
Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.
Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.
Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.
Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.
Айта кетейік, Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы үнемі күн тәртібінен түскен емес.
Сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтауға бар күш жігерін салды.
Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға айналғалы жан-жақты өсімнің қарқыны байқалады. Мегаполисте шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 50 пайыздан асты. Бұл өсім жыл сайын жоғарылап, қаланың дамуына үлкен әсер етуде. Шымкентке шетелдік инвестиция тартылып, соның […]
Шымкент – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан мегаполистердің бірі. Соңғы жылдары қала халқының артуы, көлік санының көбеюі және қаланың кеңеюі көлік инфрақұрылымын қайта қарау қажеттігін тудырды. Осыған орай 2024 жылдан бастап қалада ауқымды жаңғырту […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. […]
Пікір қалдыру