Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды дәлелдегенде ғана көрсетіледі. Демек, осының екеуі де маңызды. Президенттерге көрсетілетін мемлекеттік дәрежедегі сый-құрметтің жөні белгілі, ал спортшылардың ел мерейін асқақтатуы – күллі әлемнің көз алдында өтіп, тікелей танылатын ерекше құбылыс. Аспан асты елінде өткен Азия ойындарында бар күш жігерімен елге жүлде сыйлаған спортшылар туған жеріне келді.
Байдарка және каное есуден Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент әуежайынан спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды.
Іс-шарада қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ескек есу және су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрғазы Бұхарбаев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі.
– Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары жетістіктер көрсетіп келеді. Олар кезекті рет Азия ойындарында өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Биыл жастар арасында әлем чемпионы атанған Руфина Искакова ересектер арасындағы сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Алда тағы да жарыс жолына шығатын спортшыларымыз бар, – деді Б.Тұманбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама сапында Сергей Емельянов 500 метрге каноэде есуден алтын медаль, Сергей және Тимофей Емельяновтар жұптық жарыстың 1000 м бағдарламасында күміс жүлде, ал байдарка мен каноэде есуден жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы болған Руфина Искакова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу […]
Шымкент қаласында тұрғындарға жайлы, қауіпсіз және заманауи қоғамдық көлік қызметін ұсыну бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бағыттағы негізгі басымдықтар – көлік паркін жаңарту, экологиялық тиімділікті арттыру және цифрлық басқару технологияларын енгізу болып табылады. […]
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Бұл игі бастама жыл сайын қала тұрғындары арасында үлкен […]
Пікір қалдыру