Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Айнатас елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, мұндағы жұмыс барысымен танысты.
Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген.
Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекемелер құрылысты 70% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізген. Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында аяқталатын болады. Нәтижесінде 50 абонент табиғи ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мекеме басшыларына халықты ауыз сумен қамту жұмыстарын орындау барысында сапалы, әрі кестеге сай жүргізілуін қатаң тапсырды. Себебі, қала әкімі өткен жылы аталған елдімекен тұрғындарымен кездескенде шешімін таппаған бірнеше мәселенің түйінін ақтарған болатын. «Мемлекет басшысы кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды тапсырды. Осы бағытта жұмыс жасаудамыз. Әрбіріңіздің айтқан ұсыныстарыңызбен, өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды. Заң аясында қарастырамыз. Біздің міндетіміз инфрақұрылымды жетілдіріп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру»,-деді М.Әйтенов.
Шымкент қаласында жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді. Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын […]
Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың бастамасымен жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Дезинфекциялау жұмыстарына барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылды. Шымкент қаласы төтенше […]
Пікір қалдыру