Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Айнатас елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, мұндағы жұмыс барысымен танысты.
Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген.
Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекемелер құрылысты 70% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізген. Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында аяқталатын болады. Нәтижесінде 50 абонент табиғи ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мекеме басшыларына халықты ауыз сумен қамту жұмыстарын орындау барысында сапалы, әрі кестеге сай жүргізілуін қатаң тапсырды. Себебі, қала әкімі өткен жылы аталған елдімекен тұрғындарымен кездескенде шешімін таппаған бірнеше мәселенің түйінін ақтарған болатын. «Мемлекет басшысы кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды тапсырды. Осы бағытта жұмыс жасаудамыз. Әрбіріңіздің айтқан ұсыныстарыңызбен, өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды. Заң аясында қарастырамыз. Біздің міндетіміз инфрақұрылымды жетілдіріп, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру»,-деді М.Әйтенов.
Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілуде. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша […]
Шымкентте 100 мыңнан астам зейнеткер «Халық банкі» мен «Қазпочта» арқылы ай сайын зейнетақы алады. Одан бөлек қызметкерлер мен қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар да көмекті осы банктерден алады. Оған қоса төтенше жағдай кезінде төлемақы беріліп […]
Шымкент қаласы еліміздің экономикасында маңызды рөл атқаратын ірі мегаполис болып табылады. Соңғы жылдары қалада салықтық және бюджеттік реформалар жүзеге асырыла отырып, өңірдің қаржылық тұрақтылығын нығайту үшін көптеген шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының өңірлердің өз кірістерін ұлғайту […]
Пікір қалдыру