Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ өкілдері қатысты.
Салтанатты кеште «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Байқау еңбеккерлерді танымал ету және ынталандыру мақсатында республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша марапатталған жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Бұл байқау жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы»қамқорлығымен еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн» — деген болатын.
«Өндірістің жас қызметкері» номинациясымен «Бал текстиль» ЖШС тоқымашысы Қ. Арапбаев, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-нің технологиялық цех бастығының орынбасары Қ.Мірхайдаров, «Үздік еңбек әулеті» номинациясымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік инспекторы Р. Тұрғанұлы марапатталды.
Жеңімпаздар «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады
Айта кетейік, Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері саласына қарамастан қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды.
— «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалды.
— «Өндірістің үздік жас қызметкері» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалды.
— «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалды.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 28 көшені асфальттап, 4,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 404 көше мен 15 […]
26 тамыз күні Шымкент қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына қарасты 6506 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 1-батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті күзету кезінде екі түрлі төтенше жағдайға тап болды. Әскери қызметшілердің қырағылығы мен шапшаң […]
«Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. Зауыт 2018 жылдың желтоқсанында […]
Пікір қалдыру