Абай ауданына қарасты жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №75 мектеп-лицейінің оқушылары өрт сөндірушілердің жұмыс барысын бақылады. Еңбегі ерен мамандық иегерлерінің әрбір қиын қадамын бағамдап, өрт сөндіру әрекеттерімен танысты.
Басты мақсаты — қазіргі қоғамдағы жастардың арасында еңбек адамының оң имиджін қалыптастыра отырып, оқушылардың адал еңбекке қызығушылығын арттыру. сонымен қатар, елі мен жеріне деген құштарлығын арттыру, бір сөзбен айтқанда патриоттыққа тәрбиелеу.
Аталмыш жиында алдымен оқушылар төтенше жағдайлар департаменті мұражайымен етене танысып шықты. Алғашқы өрт сөндіруші көліктері мен Кеңес Одағы батырлары, сол саладағы қызмет ардагерлерінің суреттерімен танысты.
Содан кейін жастарға дағдарыс жағдайындағы менеджменттің жұмысы көрсетілді. Қоңырауларды кім қабылдайды және сұраулар қаншалықты жылдам өңделеді. Оқушылар әртүрлі төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар туралы өңірден барлық жедел ақпарат келіп түсетін қызметтің ең маңызды жерінде болды. Балаларға жедел телефон нөмірлері еске түсірілді.
Өрт сөндіру ғимаратында оқушылар өрт сөндірушілердің құтқару бөлімінің жұмысы мен өрт сөндіру кезінде қолданылатын құрал-жабықтармен таныс болды. Өрт сөндірушілердің әскери киімдері, жедел әрекет іс-қимылдары мен түтін тараған ғимаратта демалу аппараттарының қолданылу тәсілімен танысты.
Айта кетейік, жастардың бүгінгі күннің батырлары от пен шоқтың арасында жүріп, өмірін қатерге тігіп, өзгені құтқаратыны ойландырып қойғаны анық. дәл осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта басқа да мектеп оқушыларымен жалғасын табатын болады.
Пікір қалдыру