Биыл қалада 3 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды.
Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи өрт сөндіру техникасымен толығуда. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрінде көмек көрсетіп келеді. Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында заманауи өрт сөндіру техникасын сатып алу жоспарланған.
Жобаға сәйкес, нысан әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Соңғы үлгіде жабдықталған 3 қабатты ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, оқу сыныбы орналасқан. Сонымен қатар, ғимараттың ауласында автотұрақ, спорт және оқу жаттығу алаңшалары қарастырылған.
Айта кетейік жыл соңына дейін Түркістан көшесінің бойында тағы бір 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталатын болады.
Өткен жылы 70 жылдан астам тарихы бар өрт сөндіру нысанында қызмет етіп келген. Тозығы жеткен ғимаратты сарапшылар жарамсыз деп таныған болатын. естеріңізде болса сол жерге әкім өзі арнайы барып, жаңа өрт сөндіру депосының құрылысын бастауды тапсырды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі — қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартты.
Айта кетейік, нысан жоспар бойынша 2023 жылдың аяғында пайдалануға берілетін болған. Құрылыс жұмысы аяқталып, жаңа барлық нормативтік талаптарға сай өрт сөндіру корпусының құрылысы аяқталып отыр.
26 сентября 2025 года в центре Шымкента, на пешеходной аллее Арбат, состоялась масштабная акция «Народный юрист». Её главная цель — повышение правовой грамотности граждан и укрепление принципа «Закон и порядок» в обществе. К инициативе присоединились […]
Шымкент қаласында полиция қызметкерлерінің дәстүрлі гарнизондық жиыны ұйымдастырылып, онда құқық қорғау органдарының жеке құрамы қызметтік міндеттерді орындауға ресми түрде бағытталды. Бұл ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасына сәйкес өткізілді. Жиынға Шымкент […]
В Шымкенте продолжают службу сотрудники мотоциклетного патруля, более известного как мотобат. Их задача — обеспечение безопасности дорожного движения, предупреждение аварийных ситуаций и своевременное реагирование на нарушения. Подразделение входит в состав Патрульного полка полиции города и […]
Пікір қалдыру