«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс салаларынан техникалық және жүргізуші, дәнекерлеуші-механик, электрик сынды 100-ден астам бос жұмыс орындарына шақырды. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының мамандары қосымша «Enbek.kz» сайтында тіркелген 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Пробациялық бақылауда жүрген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік қолдау көрсеу аса маңызды. Сала мамандары бұл тұрғыда жұмыс орындарына жолдама беріп, қажет болған жағдайда жұмыс беруші мекемелермен қайта тілдесу ұйымдастыруды көздейді.
Айта кетейік, Пробация қызметінің төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған. Екіншіден, үкімдік пробация – бас бостандығын шектеуге сотталған. Ал, үшіншіден, пенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар. өртіншісі – пенитенциарлықтан кейінгі пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар болып табылады.
Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне де көп болған жоқ. Оның Қазақстанда заңды түрде жүзеге аса бастағанына да алты жылдан асты. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі де түсіндіріледі
80-ге жуық ізденуші қатысқан шара нәтижесі бойынша 32 адамға жұмыс орындарына жолдама берілді. Қалғандары бойынша жұмыс беруші мекемелермен қосымша тілдесу жүргізілу жоспарлануда.
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орайластырылған ерекше іс-шара өтті. «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел қала прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылып, ұлттық деңгейдегі жоспардың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды. Жиынға сот жүйесінің […]
Шымкент қаласында Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусының ашылу салтанаты өтті. Бұл маңызды шараға Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Жұматайұлы Қосанов, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, колледжді қолдау мен оның миссиясының мәнін […]
Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде апатты нысандардың мәселелері мен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы және су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар талқыланды. Құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев сейсмикалық қауіпті аумақтарда орналасқан тұрғын үй-жайларды сейсмонығайту шараларын баяндады. 233 […]
Пікір қалдыру