Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған.
Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп, ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды.
Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Айта кетейік қыркүйек айында Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді.
Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи өрт сөндіру техникасымен толығуда. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрінде көмек көрсетіп келеді. Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Беларусь Республикасынан тағы 30-дан астам заманауи өрт сөндіру техникасын сатып алу жоспарланған.
Сондай-ақ №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағында автокөліктерге арналған өрт сөндіру депосы салынып, бөлім аумағындағы жол жөнделді. Бұдан бөлек, арнайы техникалар тұратын автотұрақтарға күрделі жөндеу жүргізілді. Осылайша өрт сөндіру автокөлігінің жедел және кедергісіз өтуіне барлық жағдай жасалған.
Қазақ халқы ежелден татулық пен ауызбіршілікке ерекше мән берген. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты сөз – ұлттың өмірлік ұстанымына айналған ұлы қағида. Шын мәнінде, бірлік – қоғамның іргетасын берік етіп, мемлекетті алға сүйрейтін […]
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ербол Әбілхайырұлы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын алға тартып, осыған орай […]
Шымкент қаласында 2020 жылы Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 7 елдімекенге сапалы ауыз су беріліп, Тассай, Бадам-Бадам-2, Бадам 195 орам, Азат, Достық және Тұран (II кезек) елдімекендерінің тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Ширатып айтсақ, Бадам 195 орамда […]
Пікір қалдыру