Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты.
Бүгінде 17 шағынаудан мен 1 елдімекенде 234 857 халық тұрады. Көпқабатты 926 үй бар. Ауданда ауыз су мен электр жарығы толық шешілген, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр.
Жалпы тұрғындар тарапынан көтерілген 207 мәселенің көпшілігі инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, коммуналдық және абаттандыру бағыттарын қамтыды.
Есептік кездесуде қала әкімі: «Халықпен тікелей байланыс орнату – Мемлекет басшысының басты саясаты. Бүгін осы мақсатта жүздесіп отырмыз. Мәселелеріңізді ашық айтыңыздар. Бәрін тыңдауға дайынмын. Сіздермен осылай тығыз қарым-қатынаста қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз», – деді.
Қалада инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары 2025 жылы толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Қазіргі таңда аудандарда Қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Ауданның даму жоспарымен танысқан соң, шаһар басшысы тұрғындардың талап-тілегін тыңдауға көшті.
Қала әкімі тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдап, бәрін де назарға алатынын жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына халықтың өтініштері мен ұсыныстарын орындауда нақты тапсырмалар жүктеді.
25 қазан күні Шымкент қаласында Ұлттық мереке — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Бұл күн еліміздің тәуелсіздікке бастаған алғашқы тарихи қадамын еске салып, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары барысында өткен «дөңгелек үстел» отырысында АҚШ-тың жетекші бизнес өкілдерімен мазмұнды пікір алмасу өтті. Кездесу аясында Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына […]
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімінің базасында өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының тыл жөніндегі орынбасарлары, қаржы басқармаларының бастықтары, сондай-ақ 5573, 6654, 3656 және 6636 әскери бөлімдері командирлерінің тыл жөніндегі орынбасарлары мен қаржы […]
Пікір қалдыру