Қаламыздағы «Металлург» стадионы 10 жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылды. Тарихы терең нысанды жөндеуге 3 миллиард 800 миллион теңге жұмсалған.
Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді.
1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақ үй қарастырылған.
Айта кетейік, мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді.
Айта кетейік, «Металлург» стадионы 1957 жылы құрылған еді. Нысан Шымкент қорғасын зауытына тиесілі болған. Алайда компания жабылып қалған соң, стадион қараусыз қалды. Сондықтан қала әкімдігі жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, қайта жөндеуден өткізді.
Мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Құрылысты нақты, сапалы етіп қабылдап алған. Арнайы мамандардан құралған өкілдер тексеріп, оң бағасын берді.
Айта кетейік, спорт кешені өткен ғасырдың 70-жылдары салынған.
Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады.
Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді. – Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және […]
Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауында бірқатар мәселе көтерілді, тағы да тапсырмалар берілді. Солардың ішінде екеуіне тоқталуды жөн көріп отырмын. «Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы […]
Шымкент қаласында полиция капитаны, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» атты көркем фильмнің көрсетілімі өтті. Көрсетілімді Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жеке құрамы тамашалады. Бұл іс-шараның басты мақсаты – ел […]
Пікір қалдыру