Шымкентте 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың 76-сы көпбалалы, 16-сы толық емес, 74-і мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және төртеуі мемлекеттік қызметкерге берілді. Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4%-ға және тұрғын үй құрылысына инвестициялар 122,8%-ға орындалды. Алайда Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалады.Министр жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспарлар жеткізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдері көрсетілген жол карталарын бекіткенін атап өтті. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жеке құрылысты дамыту үшін 2021-2025 жылдарға жеке тұрғын үй салу үшін берілетін 235 мың жер учаскесін инженерлік коммуникациялармен қамту жоспарланған.
Талаптарға сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында несие беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұдан бұлай жоғарыда […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін Америка Құрама Штаттарында белсенді түрде насихаттап жүргені үшін ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, мәдени дипломатия — екіжақты […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады. Қазақ халқының 1932-1937 жылдар аралығындағы басынан кешкен қуғын-сүргіні — тарихымыздың жанындағы жазылмаған жара. Тарих бетіндегі ақтаңдақ оқиғаларды ата-әжелеріміз кезінде егіле отырып, айтып беретін. […]
Пікір қалдыру