«Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 257 жобаға қолдау көрсетілген. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов баспасөз брифингінде айтып өтті.
– Есепті кезеңде 130 104 іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 2023 жылы 19,7 млрд теңгеге 3000 жобаға қолдау көрсету жоспарланған болатын. Жарты жылдағы жағдай бойынша 14,1 млрд теңгеге 3591 жобаға қолдау көрсетілді,– деді басқарма басшысының орынбасары.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан.
9 айдың қорытындысы бойынша қалаға 434,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызды құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 764,3 млрд теңгеге жеткен.
Айта кетейік, Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылы 50%-ға жеткізу межеленген. Бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш Шымкентте 40% шамалап отыр.
Осы ретте, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлер палатасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Іскер қала» деп аталатын өңірлік бағдарлама әзірлеп, ол қала әкімінің қаулысымен бекітілген. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Онда өндірісті дамыту үшін өндірістік парктер құру, сауда орындарын көбейту, ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету және жеңілдетілген несие бөлу секілді қолдаулар қарастырылған.
Шымкент қаласынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы судан зардап шеккен ауылдарға 10 су сорғыш техникасы жіберілді. 5 мамыр күні таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша […]
Нью-Йорктегі жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жетекші компаниялары өкілдерімен өткен дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық бағытын таныстырды. Президент энергетикалық ресурстарды өндіру мен өңдеуді әрі қарай дамытудың, соның ішінде уран өндірісінің […]
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. […]
Пікір қалдыру