Шымкент қаласынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы судан зардап шеккен ауылдарға 10 су сорғыш техникасы жіберілді.
5 мамыр күні таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша арнайы және қосалқы техникалар мен жеке құрам жіберілген болатын.
Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20, АЦ – 2, УАЗ маркалы 4 техника, МП-100 маркалы 6 мотопомпа бар.
Мақтаарал ауданындағы су басу жағдайына байланысты 2020 жылғы 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 адам жеке құрам, 8 техника, 1 квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемелі қайық) 2-ші эшелон есебімен жолданды. Осы аралықта құтқарушылар аудандағы су басқан елдімекендерде 70 адамды, олардың мүліктерін қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, ірі және ұсақ малдарды құтқарды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары тарапынан 4 мамыр күні Мақтаарал ауданына инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 30 арнайы техника жіберілген.
Пікір қалдыру