Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағындағы Абулабад тұрғын алабының тұрғындары қоқысты тасмалдайтын компаниямен келісім шартқа отырудан бас тартып жатыр. Бұл туралы қал әкімі Ғабит Сыздықбековтың елдімекен халқымен кездесуі барысында мәлім болды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оған бірден-бір себеп, көшелерде жаңадан салынған үйлердің құжаттары рәсімделіп бітпеген екен. Соның салдарынан әл күнге дербес есеп-шоты болмай, қоқыс тасымалдайтын компаниялармен келісім шартқа отырмай жүрген көрінеді.
Алайда, аудан әкімдгілердің сөзіне қарағанда кейбір тұрғындар дербес есеп-шотын әдейі бермей отырған көрінеді. Оған себеп, қоқыстың тасымал құны қымбат екен. Десе де, әкімдік өкілі ауыл биімен бірге тұрғын алабта түсіндіру жұмыстаын жүргізіп жатқанын айтады.
«Қоқыс компаниясының қызметін қымбат көрсеңіздер, жақын маңда арнайы қоқыс алаңы болуы қажет. Алайда, елдімекен шетіндегі сайға апарып қоқыс төккеннен мәселе шешілмейді. Күннің ыстығында оның иісі өздеріңізге келетін болады. Сондықтан барлығыңыз бір ауыздан қоқыс тасымалдайтын компаниямен келісім шартқа отырғандарыңыз жөн. Егер, абономент саны көбейсе, қоқыстың тасымал құны да арзандайтын болар»,- деді Ғабит Әбдімажитұлы.
Қала әкімінің сөзін ауыл биі Тұрсын ақсақал да қолдай кетті. Айтуына қарағанда, кей адамдар үйлерінен қоқыс шығармайтындарын алға тартады екен.
«Мына жиналған халқымның алдында мен бір ой айтайын. Бір үйге кірсең, енен қоқыс шықпайды дейді. Ал екінші үйге барсаң, қоқыс шығаратынын мойындайды. Естеріңізде болсын, қоқыс шықпайтын үй болмайды. Қазіргі таңда, сіз қоқысты жағып жіберемін десеңіз, олай істеуге болмайды. Заңмен тыиым салынған. Хақыңыз жоқ. Өйткені сіз қоршаған ортаны, яғни экологияны бұзасыз. Соны жақсылап біліп алған жөн. Қазіргі заман басқа, талап басқа. Біз қалада тұрып жатырмыз. Сол себепті, қоқыс шығармайтын үй жоқ. Егер, қосыламыз десеңдер, аудан әкімдігіндегі мамандар арқылы қоқыс тасымалдайтын компания өкілдерін шақырамыз. Сол компания өкілімен көшеме-көше жүріп үйлеріңізді аралаймыз. Дербес есеп-шоттарыңызды берсеңіздер келісім шарт түземіз. Дербес есеп-шоты жоқтардың ақы төлеуінің басқа дда тәсілін қарастырамыз. Бүгінге дейін-ақ қаншма тұрғын қоқыс тасымаллдайтын компанияға қарыз болып қалыпты. Бұл мәселеге немқұрайлы қарамауларыызды сұраймын»,-деді ауыл биі.
Абулабад ақсақалдарының айтуынша, тұрғын алап маңындағы жерлер бүгінде қоқысқа тола бастаған. Елдімекен сыртына қоқыс тастауды тұрғындар әдетке айналдыра бастаған. Сондықтан жаман әдеттен арылып, арнайы компанимен жұмыс жасауға шақырды.
Пікір қалдыру