ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР АБАТТАНДЫРЫЛҒАН ОРЫНҒА БЕЙНЕКАМЕРА ҚОЮДЫ СҰРАДЫ

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы ауағындағы Ескі қалашық шағын ауданы тұрғындары Қонаев көшесі бойындағы абаттандырылған орындарды бұзақыла бұзып жатқанын айтады. Ол ар бұл жайлы қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында мәселе көтерді.

«Биылғы жылы Ескі қала шағын ауданында көптеген жұмыстар атқарылды. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, адамдар отыратын орындықтар қойылып, жарықтандырылды. Ескі қала емес, ауданымызды енд Жаңа қала деп ааса болатындай. Көшелерді жөндеп, аяқжолдарды да қалыпқа келтірді. Әсіресе Қонаев көшесінің бойын жарықтаныдырып, жарқыратып қойды. Бала-шаға ойнап, серуен құрып жүр. Сізге Ескі қала тұрғындары атынан үлкен алғыс айтамыз. Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратына рахмет айтқымыз келеді. Кураторларымызға дейін қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда, өкінішке қарай біздің жақта қаңғыбастар көп жүреді. Алқаштар мен наркомандар абаттандырылған орындарды құртып, орындықтарды бұзып кетіп жатыр. 4-5 ай бұрын 22 орындықты сындырыпты. Қайта қалына келтірілді. Бірақ бізде вандализм  өршіп тұр. Сындыру, қирату қайта басталды. Осыған орай, абаттандырылған орындарға бейнебақылау қоюларыңызды сұраймын. Егер камера қоймасақ, ол жерлерді көп ұзамай бұзақылар қайта қирататын болады»,- дейді Ескі қала шағын ауданы тұрғындары.

Сонымен қатар, Ескі қала шағын ауданы тұрғындарын мазалайтын тағы бір мәселе бар екен. Тұрғындарды шағын ауданның болашағы қатты толғандырады.

«Ескі қала шағын ауданын көшіресіздер ме, жоқ па? Егер көшіретін болсаңыздар, қандай жағдайлар болады? Мұндағы үйлердің дені ескі. Көпшілігі ескі үйлерін бұзып, жаңа баспана салғысы келеді. Барлығыда заманауи үлгідегі үйлерде тұрғысы келеді»,— дейді олар.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, тұрғындар көтерген мәселеге тоқтала келе биыл абаттандырылған жерге бейнебақылау орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Ол орындарға кемі 5 камера орнатпақшы екен.

«Ескі қала шағын ауданын бұзып көшіру бойынша айта кетейін. Қазір біз инвесторларға осы маңдағы ескі үйлерді сатып алып, көпқабатты заманауи үлгідегі үйлер салуды ұсынып жатырмыз. Одан өзге демалыс орындары мен мейрамханалар салуды да ұсындық. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Нақты қазір инветора жоқ және біз мемлекет тарапынан шағын аудандыұзып көшіруді жоспарлап жатқан жоқпыз. Оған қаланың қаржылық әлеуеті жетпейді. Бәрі өз уақытымен орнына келеді деп ойлаймын. Егер, кәсіпкерлер қызығушылық білдірсе, келіп өздеріңізге хабар береміз»,-деді қала әкімі.

Осыған ұқсас мәселе, Көксай-1 көшесінің тұрғындарында да бар екен. Айтуларынша, ескі үйлерін бұзып орнына жаңасын салайын десе, архитектураұқсат бермейді.

«Біздің жақта инфрақұрылым проблемасы өте өзекті болып тұр. Балаларымыз оқитын Лермонтов атындағы 17-мектепке барар жолдың асфальты тозып бітті. Оған қарамастан, баласын білім ошағына таситын ата-аналар көліктерімен жолды жауып тастайды. Балалар жүретін тротуар да жоқ. Жарықтандыру  мәселесі де әлі күнге шешілмеді. Бұдан бөлек бала-шаға ойнайтын ойын алаңы да қажет болып тұр. Тағы бір айта кететін жәйт, Көксай-1 көшесіндегі үйлердің дені ескі. Жаңа үй салуға рұқсат жоқ. Қашанғы тозығы жеткен есі үйде тұрамыз? Ол жақ бұзылып, көшіріледі дейді. Бірақ, біздің көшенің бойы көшіріледі деген сөздің шыққанына да 10 жыл болды»,- деді Көксай-1 көшесінің тұрғыны Талғат Жамауов.

Шымкент қаласының әкімі бұл мәселе бойынша жапты мамандардан ақпарат алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Әлгінде айтқандай біз мемлекет тарапынан ол жақты көшір аамыз. Әзірге ол үйлерді сатып алып  орнына көпқабатты тұрғын үй салатын инвестор жоқ.Бас жоспарда ол маңайда көпқабатты тұрғын үйлер болғаннан кейін, жр үйлер салуға болмайды екен. Саламын дегн күннің өзінде де, шаршы метрін өзгерпеу керек. Алайда біз әлі бұл проблема бойынша нақты шешім қабылдаған жопыз. Күте тұрыңыздар»,-деді қала әкімі.

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*