Түркістандық БЖМОФМ футболдан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Алматы облысы Қонаев қаласында өткен бәйгеде 14 жастағы жасөспірімдер жарысқан болатын.
Топтық кезеңде жерлестеріміз Қостанай, Талдықорған, Шымкент және Петропавл командаларын айқын басымдықпен озып, жартылай финалда жамбылдықтарды 0:2 ұпаймен жеңді.
Ал мәре сәті финалда Алматы облысы құрамасымен түсіп, тартысты ойын көрсетіп жүлделі екінші орынға жайғасты.
Одан бөлек, чемпионатта команданың екі ойыншысы атап айтқанда, Әмірәлі Бектөре- Үздік жартылай қорғаушы, Аман Рахман- Үздік шабуылшысы атанды.
Елішілік жарыста жарқын жеңісімен қуантқан командаға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, арнайы алғыс хатын табыстады. Ізгі тілегін айтып, жеңіс тіледі.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір […]
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Аймақ басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы әрі белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда […]
Қытай Халық Республикасында жамбы атудан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 11 елінен, атап айтқанда, Аустралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Қатар, Қазақстан, Моңғолия, Тайпей, Макао, Пәкстан мемлекеттерінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын ұлттық құраманың […]
Пікір қалдыру