Қытайдың Сиань қаласында шымкентттіктерге дәмді тағамдарымен кеңінен танымал «Жеті тандыр» дәмханасы ашылатын болады. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады.
Сианьдағы халықаралық орталықта іргетасы қаланып жатқан «Жеті тандыр» дәмханасы 2-3 айда өз жұмысын бастамақ. Онда қазақстандық аспаздар келушілерге ұлттық тағамдарды ұсынатын болады.
Естеріңізде болса, 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация, Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына іс-сапармен барып қайтқан болатын.
Пікір қалдыру