ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ АВТОКӨЛІГІН ҚҰРАСТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады.

«Қытайлық компаниямен автомобиль өндірісінен бастап, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды автомобиль құрастыру зауытын құру жобасы талқыланды. Оларға Қазақстан үлкен нарық, қызығушылық танытуда. Өздеріңіз білесіздер, қазір  қаламызда, жалпы елімізде Қытай автомобильдері көп. Оның ішінде электромобильдер кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан сервистен бастап, оны жинақтау зауыты өте өзекті болып табылады» дейді Айдын Мейрамбекұлы.

Алайда, әзірге Қытайдың қайсы автокөлік маркасын құрастыру көзделіп отырғанын нақтыламады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*