Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, елдімекендерде атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Б. Парманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларды жеткізді.
Бүгінде 27 елдімекенде 257,7 мың халық тұрып жатыр. Сондай-ақ аудан аумағында 205 көпқабатты тұрғын үй, 230 әлеуметтік нысан орналасқан. Қазіргі таңда елдімекендердің біреуіне ғана ауызсу жеткізілмеген, ал сапалы жарықпен 92,5, табиғи газбен 85,2 пайыз қамтылған. Жыл соңына дейін ауданда су мәселесі толығымен шешіліп, келесі жылы шағынаудандардың электр қуаты және көгілдір газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Ауданда жылу маусымына дайындық жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылған. Жоспарға сәйкес биыл елдімекендердегі 33 көше жарықтандырылған. Алдағы екі жылда қалған 60 көше жарық жүйелеріне толық қосылады.
Биыл ауданда 3 750 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі. Ал 2024 жылы 2 900 орындық 5 мектептің, 2025 жылы 3 800 орындық 6 мектептің құрылысы жоспарланған.
Есептік кездесуде тұрғындар инфрақұрылымды жақсарту, бейнебақылау қондырғыларын орнату, көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
“Барлық мәселелер кезең-кезеңімен ауданның даму жоспары аясында шешіледі. Халықтың өмір сапасын жақсарту бағытында шешімін күткен мәселе баршылық. Аудан тұрғындарынан заңсыз жер телімдеріне қатысты сұрақтар да жиі түсуде. Бұл шағымдар менің тікелей назарымда. Маған уақыт берсеңіздер, өздеріңізбен бірлесе отырып, туындап отырған проблемаларға қатысты оңтайлы шешім қабылдаймыз”, — деді қала әкімі.
Сондай-ақ аудан және басқарма басшыларына халықтың талап-тілектерін назарға алып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында №65 жалпы орта мектебіне барып, жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша пилоттық жобаның іске асырылуымен танысты. Бұл – жаңартылатын энергия көздері орнатылған алғашқы мемлекеттік нысан. Өндірілген электр энергиясының […]
Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде де бір сәтке тоқтаған емес. Енді үшінші мегаполистегі шағын аудандардағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Биыл Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ, Самал-3 шағын аудандарындағы […]
Қаламыздың тарапынан еліміздің су басқан өңірлеріне жәрдем ету шаралары әлі де жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Іскер әйелдер қауымдасты мүшелері құны 20 миллион теңгеден асатын осынша […]
Пікір қалдыру