Қаламыздың тарапынан еліміздің су басқан өңірлеріне жәрдем ету шаралары әлі де жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Іскер әйелдер қауымдасты мүшелері құны 20 миллион теңгеден асатын осынша тонна гуманитарлық көмекті Солтүстік өңіріне жөнелтті.
Жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешектен бөлек күнделікті пайдалануға қажетті тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттар, төсек жабдықтары бар. Кәсіпкерлер гуманитарлық көмек ретінде өздері өндіретін тамақ өнімдері мен су тасқынымен күресте қолданылатын бұйымдарды, су сорғыларын, құрылыс тауарлары қосқан. Гуманитарлық көмекті жинастыруға 100–ге жуық ерікті жәрдемдесті.
Қарт тарихтың қойнауына көз салсақ, қазақ халқының мерейі үстем болған дәуірлермен қатар, қайғы-қасірет тартқан кезеңдері де аз емес екенін байқаймыз. Тарихтың ақтаңдақ беттерін парақтаған сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу […]
Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 2 мыңнан аса азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2 104 […]
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Басқарма басшысының мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер — […]
Пікір қалдыру