Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті.
Басқарма басшысының мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер — 39,5 мың га, суармалысы — 11,0 мың гектар.
— Қазір көктемгі дала жұмыстары тиісті мерзімінде орындалуда, жұмыс барысында қолда бар тракторлардың 91%, тұқым сепкіштердің 93%, жер қопсытқыштардың 95%, топырақ өңдейтін агрегаттардың 97% жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жерлер өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға артып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде 16,6 мың га жерге дақылдары егілген, — деді басқарма басшысы.
Атап айтсақ, масақты дәнді дақылдардың егіс көлемі – 9,0 мың га; майлы дақылдар – 2,8 мың га; көкөніс пен бақша – 1,5 мың га; картоп – 0,1 мың га; мал азықтық дақылдар – 3,2 мың га егіледі. Президент тапсырмасына сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына 5% мөлшерлемемен АШТӨ-не 500 млн теңге жеңілдетілген несие қаралған.
— Осы жұмыстарға бөлінген 1,25 мың тонна жанар-жағармайдың құны литріне 174 теңгеден 160 теңгеге төмендетілген. Өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 105,1 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда қолдау шаралары басталған. Ал озық технологияны қолдануға келсек, қазіргі таңда жылыжайдың жалпы көлемі — 183,5 га, оның өнеркәсіптік — 56,1га, фермерлік -127,4 га. Ағымдағы жылы қосымша 30 гектар жерге жылыжай салынған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында өндірілетін өнім көлемі 1,6 млрд теңгеге артып, 11,0 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда, — деді Асқар Сәкенұлы.
Сонымен қатар, есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалады. Атап айтсақ: ІҚМ мал – 2,4% артып, 74,3 мың басқа; қой ешкі – 3,0%, 113,4 мың; жылқы – 1,1% кеміп, 13,7 мың; құс – 6,2% кеміп, 839,4 мың басқа жетті. Нәтижесінде ет 20,8%, 978,3 тонна, сүт 0,5%, 2,4 мың тонна, жұмыртқа 12,9% артып 12,9 млн дананы құраған. Мал шаруашылығын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 1 140,7 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаруалар тарапынан түскен өтінімдер қабылдануда (76,0 млн теңге субсидия төленген).
Президент соңғы жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытудағы басты басымдылықтарды атады. Елдің экономикасындағы басымылық беретін бағыттың өң өзгрістарін де тілге тиек етті. «Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша […]
Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында құрылған келісім шарт негізінде аялдамаларды жууды қолайландыру мақсатында жаңа технологияның негізін қалаушы азаматтың мердігер мекеме басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды. Жаңа технология: — уақыт үнемділігі -жұмысшыларға қолайлы -су шығыны үш есе аз қолданылады […]
Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасын қолдау институты орталығында аналарға арналған тігін курсының шеберханасы ашылды. Жоба «Ана жолы» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Бұл жерде өмірлік қиын жағдайға түскен қыз-келіншектер тігіншілік оқу-курсына тегін қатыса алады. Қазіргі […]
Пікір қалдыру