Мұрат Әйтенов қазақстандықтарды наурыз мерекесіндегі 5 күн демалысты Шымкентте өткізуге шақырды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, отандастырды наурыз мерекесіндегі демалыс күндерін үшінші мегаполисте өткізуге шақырды- деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Мұрат Дүйсенбекұлы 29 ақпан күні Шымкентте өткен жалпы қалалық сенбілікте хабарлады.

«Қазақстан республикасы азаматтарының барлығын наурыз айындағы 5 күндік демалысты Шымкентте өткізуге шақырамын. Өйткені, көктем алдымен бізге келеді. Күн жылып тұрған шағында нағыз наурыз бізде тойланады. Келіп қаламызды көрсін, тамашалап, демалсын. Егер адам қалаға көп келер болса, қосымша авиарейстер ашамыз»- дейді сенбілікке шымкенттіктерді бастап шыққан әкім.

Айта кету керек, бұл күні қаланы тазалау жұмыстарына   50 мыңнан астам адам қатысты.  Олар 10 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жол бойындағы жасыл аймақтарды, саябақтар мен демалыс орындарын, арық-атыздар, ирригациялық жүйелер мен жүргінші жолдың жиектерін толығымен тазалап, ағаш түптерін әктеді.

Сонымен қатар, қала басшылығы демеушілердің есебінен 71көпқабатты тұрғын үйдің қаспетін реттеп, жөнеду жұмыстарын жоспарлапты. Қазір 13 мердігер мекеме 41 үйді жөндеу  жұмыстарын бастап кеткен.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*