Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгін «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Аталмыш Жолдауда Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып өтті.
«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты» — деді өз сөзінде.
Барша халықты бірлікке бастайтын ауқымы кең жобаның сезекті сенбісі Дүниежүзілік тазалық күнімен дәлме дәл келді. Осыған орай бүгін қаламызда белгіленген бірнеше орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соның бірі Тұран ауданына қарасты Құрсай шағын ауданында ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Олар А 2 айналма жолының бойын тазалап, аумақты ретке келтірді. А 2 айналма жолы Өзбекстан Республикасы мен қазақстанның бірнеше қалаларына тоқтаусыз көліктер қатынайтын жол. Бүгінде Қазығұрт, Құрсай шағын ауданы тұрғындары да сол жолмен қатынайды. Сондықтан да жолдың бойы таза болып, абаттандырылып тұрғаны қала көркіне шырай кіргізіп тұрады.
Аталмыш тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, – дейді Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері Шымкенттің әр бұрышының шырайы кіріп, сынғаны жөнделіп, құлағаны орын тауып ажарлана түсуде. Қала әкімінің нақты тапсырмасымен, аудан басшыларының іскерлігінің арқасында бірігіп жасалынған жұмыс нәтижесін берері сөзсіз. Ардагерлер алқасы да Тұран ауданынның жастары мен тұрғындарының белсенділігіне дән риза. Алдағы уақытта да тазалық шарасынан қалмауға шақырды.
Шымкент қаласы үшін экологиялық мәдениетті арттыру және қала тазалығын сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта 9 қараша күні Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Бұл акцияға қала тұрғындары, […]
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады. «Қытайлық компаниямен автомобиль өндірісінен бастап, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды автомобиль құрастыру зауытын құру жобасы талқыланды. Оларға Қазақстан үлкен нарық, қызығушылық […]
2025 жылғы 26-29 шілде аралығында Шымкент қаласы Абай ауданының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты кең ауқымды профилактикалық рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қараусыз және бақылаусыз жүрудің алдын […]
Пікір қалдыру