Блок бекеттерден соңғы 3 күн ішінде шыққан автокөлік саны 929 (1869 азамат), кірген 742 (1360 азамат), транзит 1548 (2754 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 6090 автокөлік өткізілмей, қайтарылған.
«Блок-бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 3 жайт орын алып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) хаттамалар толтырылған. Оған сәйкес, ескерту жасауға немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады. Олардың 1-уі соттан өткен, қалған 2 жайт бойынша материал жинақталып, сотқа жолданды», — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді.
Пікір қалдыру