Шымкент қаласында 5 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында ​ бесінші сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
 Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны жиырма төрт жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен жиырма үшінші  наурызда Петропавл Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан екінші сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Науқастан алынған тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен бесінші сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі таңда, оның денсаулығында еш өзгеріс жоқ. Науқастың жағдайы қалыпты екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, күні бүгінге дейін қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, үшінші А үй карантинге жабылды. Бұдан өзге шаһар аумағында тағы тоғыз аумақ карантинге жабылған еді. Ал, науқаспен байланыста болған жеті адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері).
Айта кету керек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*