Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.
«Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды, 4 тұлғаға айыппұл салынды, қалған істер қаралу сатысында», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Шымкентте қаласында 161 тойхана, 801 қоғамдық тамақтану объектісі, 29 базар және 23 ірі сауда орындары бар.
Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалар аясында бір мезетте екі жаңа өндіріс нысаны іске қосылды. Жаңа кәсіпорындардың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Marvik Partners» ЖШС-нің […]
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі мен «Зекет» қайырымдылық қоры Шымкент қаласында орналасқан Жыланбұзған, Жыланбұзған-1, Абдулабад, Өтеміс, Көкбұлақ, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым, Бозарық, Қайнарбұлақ, Бадам, Жаңаталап, Ақжар (Ақтас) Таскешу, Еңбекші, Айкөл, Шапырашты, Текесу сынды 18 блок-бекетте […]
Аудан әкімінің есепті кездесулерінде “Тұран” шағынауданы көп қабатты үй тұрғындары тарапынан аумаққа ашық спорт алаңын салу мәселесі алға тартылатын. Бүгінге дейін аумақта тиісті жер телімінің анықталмауына байланысты жұмыстар жиі шегерілген болатын. Осы орайда, қала басшысының […]
Пікір қалдыру