Аудан әкімінің есепті кездесулерінде “Тұран” шағынауданы көп қабатты үй тұрғындары тарапынан аумаққа ашық спорт алаңын салу мәселесі алға тартылатын.
Бүгінге дейін аумақта тиісті жер телімінің анықталмауына байланысты жұмыстар жиі шегерілген болатын. Осы орайда, қала басшысының шұғыл тапсырмасымен үйлер аумағы толық зерделеніп, спорт алаңын салуға қажетті жер телімі анықталды.
Нәтижесінде аудан әкімі аппараты тапсырысымен мердігер мекеме «KAZ GENERAL LTD»ЖШС тарапынан шағынауданның көпқабатты үйлер аумағынан ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары 2024 жылдың маусым айында басталып, жоба барысында көрсетілген қазан айы соңына аяқталып тұрғындарға табысталып отыр.
Құрылыс жұмысы аяқталған аулаларға балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған. Сонымен қатар, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндіктерде қарастырылған. Алаңшалардағы ойын құрылғыларының бәрі де отандық өнім, деген мердігер мекеме басшы кепілдік мерзімінің бар екенін айтады.
Еске сала кетейік, былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Барлық аудандарынды кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылған болатын.
Жобаның мақсаты ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған жоба барысында шаһарда ескірге балалар ойын алаңшасы жаңартылып, балалар алаңшасы жоқтарға жаңадан жасалынған болатын. Осы орайда Шымкенттегі барлық дерлік көп қабатты тұрғын үйлер жаңа ойын алаңшасымен қамтылды. Балалар мәз, оны көрген ересектердің қуанышында шек жоқ.
Заман талабына сай келетін, қауіпсіз ойын құралдары көздің жауын алатындай.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған […]
Шымкент қаласында 107 отбасыға жаңа баспананың кілті табыс етілді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік парақшасында жариялады. – Бүгін Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрған 107 азамат пәтер кілтін […]
Қолданысқа енген ҚР «Ардагерлер туралы» Заңы ардагерлердің үмітін ақтайтынына сенімім мол. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мерейлі мереке ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны […]
Пікір қалдыру