Ауданымызда өткен сенбілік шарасы үлкен бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісіне айналды. Оған дәлел кешегі өткен кең ауқымды сенбілікке барлық нысандардың қызметкерлері бір ауыздан белсенділік танытты.
Табиғатты қорғау мен тазалыққа арналған бұл шараға ауданның әртүрлі салаларының өкілдері белсене қатысты.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының қызметкерлері, аудан әкімдігі мен тұрғындары өз үлестерін қосып, ауданды тазартуға атсалысты.
Қаратау ауданы Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің көп бөлігі орналасқан аудан. Кәсіпкерлік нысандардың да қарасы көп. Өздеріңіз білетіндей көп қабатты үйлер болған жерде сан алуан ой мен түрлі пікір болады. Тазалық шаралары да ақсаң қалып жататын кездер болатын. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен тазалыққа қатысты түрлі акциялардың үндеуімен қала тұржғындарының сенбілікке деген көзқарасын, қала тазалығына деген ықыласын байқауға болады. Бұл бірліктің көрінісі.
«Тазалық — ол сенің айнаң. Айналаң таза болса жүрегің таза болғандай сезінеді екенсің. Бүгінгі тазалық шарасына қаламыздың мұндаздай шаһар атануына үлесімізді қосайық деп шықтық. Қала тұрғыны ретінде, еліміздің азаматы ретінде менің міндетім деп білімін. Әр бір азамат осылай ойлауы керек. Сол қоқысты шашқандар бөтен енес, өз адамдарымыз. Өз жан-жағымызды өзіміз қадағалап, жинап жүрейік. Болашақ ұрпаққа да осыны бойына сіңіріп, үйрете білейік,»-дейді қала тұрғыны Алтынбек Бертелиев.
Жалпықалалық сенбілік барысында қатысушылар көше бойларын, қоғамдық орындарды, мекемелер аумағын, саябақтар мен арықтарды қоқыстан тазартты.
Сонымен қатар ағаш отырғызу, гүлзарларды күту сияқты экологиялық акциялар да ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы қаламызға деген сүйіспеншілігін іс-әрекетімен көрсетіп, қаланың көркейуіне үлес қосуға дайын екендігін байқатты.
Аудандық әкімдік тарапынан шараны ұйымдастыру барысында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қатысушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударылды.
Қаламыздың тазалығына атсалысқан тұрғындардың еңбегін аудан басшылығы жоғары бағалап, осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Сенбілік – қоршаған ортаға қамқорлық қана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Осындай игі істер аудандағы өмір сүру сапасын арттырып, экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.
Сенбілік — тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады. Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай ауданының […]
Шымкент – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан мегаполистердің бірі. Соңғы жылдары қала халқының артуы, көлік санының көбеюі және қаланың кеңеюі көлік инфрақұрылымын қайта қарау қажеттігін тудырды. Осыған орай 2024 жылдан бастап қалада ауқымды жаңғырту […]
Шымкент қаласында балалар мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қалада көптеген ашық спорт алаңдары мен балалар ойын алаңшалары салынуда, бұл өз кезегінде тұрғындардың спортпен шұғылдануына, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі […]
Пікір қалдыру