Құрылыс барысында қалалық маңызы бар көшелерді дамыту да қолға алынған. Қазіргі таңда магистральді жолдардың 94 шақырымында құрылыс жүруде. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы мен айналма жолды қайта құру іске асырылмақ.
Басқарма мамандары мұндай ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағытты қамтып отырғанын айтады. Мысалы, Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары, заманауи талаптарға сәйкес.
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Кезең-кезеңімен жүзеге арылылып жатқан қарқынды құрылыс,
Айта кетейін Д.Қонаев көшесінің жалғасы 2019 жылы басталған болатын. Жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды алып жатқан көше 7 учаскіден тұрады.
Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта
құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін
Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы
құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.
Елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұдан бұлай жоғарыда […]
2020 жылдың 7 маусымында Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 коронавирусты инфекциясымен сырқаттанушылықтың Шымкент қаласында өсуіне байланысты, өңірлік комиссияның шешімі мен қаулысы шықты. Бұл ретте […]
Бүгінгі жұрт 1990 жылдар мен 2000 жылдардың басында сөзі мен ісі сай келмейтін атқарушы билік өкілдері мен депутаттардың көбін көрді. Талай басшы мен талай халық қалаулыларының ұйқаспайтын сөздеріне иланған кездері аз болған жоқ. Бертін келе, […]
Пікір қалдыру