Бүгінде қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Шымкент қаласының дамуына, көркейіп
Сонымен қатар, богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде хабарлап, шешімін бірлесе қарастыруды тапсырды. Себебі, жоспарлық кестеге сай құрылыстың кезеңімен аяқталуы басқа да қаланың дамуына арналған жоспарлардың кезегімен орындалу қажет. Жұмыстарды өндірістік кестеге сай атқарып, перронның құрылысын тез арада бастау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласында полицейлер тұрғындар мен той ұйымдастырушыларына түнгі тыныштықты сақтау мен қоғамдық тәртіп ережелерін бұзбау қажеттігін ескертті. Соңғы кездері қала тұрғындары тарапынан түнгі уақытта отшашу ату, қатты әуен қосу, көлік дабылын басу секілді шағымдар жиілеп […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Жұмабекұлы мен Сәрсен Абайұлы қазан айында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жиында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, ішкі саят және […]
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде «Білімім-Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Шымкентте қалалық білім басқармасына қарасты 272 мектептің барлығы бірыңғай сынып сағатын еліміздің Әнұранымен ашты. Сынып сағатының аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын […]
Пікір қалдыру