Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бүгін шаһарды залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Ахмет Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғани Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, Ілияс Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді. Айта кету қажет, аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасып жатыр. Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмыстары қаламыздың Абай, Қаратау, Еңбекші аудандарында да жүріп жатыр. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарына арнайы мекеме қызметкерлерімен қатар әскерилер де тартылған. Бүгінде олар жоғары да айтылған көшелерден өзге адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтар да, арнайы демалыс орындар да тазалық жұмыстыран жүргізуде.
Шымкент қаласының әкімі «Айкөл» тұрғын алабының тұрғындарымен бірге ауызсу жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты. Жоба тұрғындармен өткен көшпелі кездесу нәтижесінде жүзеге асып отыр. Кездесу барысында тұрғындар шағынауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселе екенін атап […]
Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – терроризм мен діни экстремизм. Бұл құбылыстар тек бір елге емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Мемлекеттің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде терроризмге қарсы іс-қимыл кешенді, жүйелі түрде және […]
Шымкентте қала инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі — Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы. Бұл жоба апатты және тозығы жеткен үйлерді кезең-кезеңімен сүру арқылы, тұрғындарды заманауи, жайлы және […]
Пікір қалдыру