Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді — «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды.
Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді.
Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан берілетін түрлі төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлем және т.б.) алады. Аталған төлемдер түскенде қаладағы банкоматтар алдында үнемі ұзын-сонар кезек қалыптасады. Бұл жағдай індеттің таралуына өте ыңғайлы. Сондықтан қаладағы базарлар мен сауда орындары, дүкендер мен дәріханаларда посттерминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның қауіпсіздік мақсатта қолға алынғанын ұғындыру, еріктілер көмегімен банкоматтар алдында кезекте тұрғандарға банктік картаға өту бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына тапсырылды.
Ең бастысы тұрғындар арасында қолма-қол ақшасыз карта көмегімен есеп айырысудың пайдалы әрі қауіпсіз екендігін түсіндіру жауаптыларға міндеттеліп, қала шетінде орналасқан тұрын алаптарға интернет желісін тарту немесе телефон арқылы төлем жасау тетігін қарастыру жайы жан-жақты сөз болды.
Жиынды қорытындылаған қала М.Әйтенов күн сайын таңғы 09.00-де басшылардың қатысуымен қашықтықтан өтетін жиында атқарылған жұмыстар талданып, кешкі 20.00-дегі қорытынды жиында ертең атқарылатын жұмыстар қаралатынын жеткізді.
Қала әкімі осы аптада өткен халықпен есептік кездесулердің нәтижелері бойынша бірнеше нысанды аралады. Кездесулер барысында тұрғындар «Күншығыс» шағынауданында автотұрақ салуды сұраған болатын. Әкім аталған аумақты қарап, аудан әкімдігіне заң аясында автотұрақ салу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды. […]
Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта […]
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгін «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Аталмыш Жолдауда Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып өтті. «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері […]
Пікір қалдыру