Үшінші мегаполис Шымкент қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Соңғы жылдары қалада көптеген нысандар пайдалануға берілді.
Қала басшысының шалғай елді мекендер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы «Бозарық» саяжайындағы 131 мектеп аумағында тұрғындардың демалыс аймағын қамтамасыз ету мақсатында кезекті аллея пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылдың шілде айында «СтройИнжиниринг» Атамекен»ЖШС
мердігер мекемесі тарапынан бастау алған
абаттандыру жұмыстары қазан айында межедегі мерзімнен бұрын толық аяқталып отыр.
Жалпы құрылыс жұмыстары барысында аллея аумағына 758 шаршы метрді құрайтын жасыл екпелер, көгалдар (газон) және заманауи элементтерден тұратын балалар ойын алаңшасы сондай-ақ, арнайы спорттық жаттығу тренажерлары орнатылды.
Тұрғындарға қуаныш сыйлаған демалыс аймағының ашылу салтанатына аудан басшысы-Р.Мүлкеманов, мәслихат депутаты-А.Молдабек, елді мекен ардагерлері мен тұрғындары, аудан әкімі аппараты қызметкерлері қатысты.
Еске сала кетейік, биылғы жылы ауданымызда 21 балалар ойын алаңы, 9 ашық спорт алаңы, 8 демалыс аймағы салыну жоспарланған. Оның ішінде “Бозарық” саяжайына 2 балалар алаңы, 1 ашық спорт алаңы және 1 демалыс аймағын салу көзделген.
Шымкент қаласы Бозарық елдімекені бүгінде территориялық ауқымына қарай екіге бөлінеді. Яғни Бозарық шағын ауданы және саяжайы. Қаланың жаңа құрылымдық жоспарына сай қазір Бозарық шағын ауданы Абай ауданына қарасты болып белгіленген, ал Бозарық саяжайы Қаратау ауданының аумағында.
Жалпы Бозарық елдімекені қаланың динамикалық даму бағытында орналасқандықтан мұнда маңызды нысандар соңғы жылдары көптеп салынуда.
Біз бүгін қос Бозарықты да өз алдарына бөлек-бөлек қамтып таныстырғалы отырмыз.
Алдымен 7 мыңнан аса халқы бар Абай ауданы Бозарық шағын ауданының жай-күйін айтып өтейік. Ауданда электр жүйесі 100 пайыз қамтылған. Дегенмен, ауыз су және табиғи газ мәселесі әлі де шешімін табу кезеңінде. Мәселен, шағын аудан ауыз сумен 52% қамтылған, бұл 670 үй санын білдіреді, ал 48% ескі жүйемен тұтынады. Ескі жүйедегі 615 үйге қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленген. Бірінші кезеңнің жоба құны 1,7 млрд.теңгені құрайды. Жалпы жоба құны 4,5 млрд теңге болғандықтан, қалған 2-інші және 3-інші кезеңі Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайында іске асырылады.
Дендросаябақ — ашық аспан астындағы ағаштар мұражайы. Дендросаябақ — қала ішіндегі қалың орман. Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл […]
Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2019 жылдың 12 айында 326 641 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 47 391 жүргізуші куәлігін берілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, жүргізуші куәлігін алу барысында адам […]
Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. […]
Пікір қалдыру