ШЫМКЕНТТЕ ОРЫН АЛҒАН АПАТТЫ ЖАҒДАЙЛАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Ауа райының қолайсыздығынан яғни, жауған жаңбыр мен сулы қардың салдарынан қала аумағында саябақтар, гүлзарлар және жергілікті аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелерде 1202 дана ағаш пен 14761 дана ағаш бұтақтары сынған.

Айта кету керек, оның ішінде орталық көшелерінде 244 дана ағаш түбімен жұлынып кеткен.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында көше бойындағы ағаштардың электр жүйелерінің (электр трансформаторлары, 10/6/0,4 кВ электр желілері) үстіне құлау салдарынан 483 жерде – желілердің үзілуі, 45 жерде — электр трансформаторларының жабдықтарының істен шығу жағдайы орын алды. Нәтижесінде қала аумағында 8 000 жуық халық электр қуатынсыз қалды.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аумағында орын алған апатты өшулер толық ретке келтіріліп, шағын аудандардың басым бөлігіне электр қуаты берілді.

Алайда, шағын ауданның кейбір ішкі көшелерінде электр энергиясы жекелей қосылмау жағдайлары бар, бұл бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі апатты бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*