Шымкенттегі «Назар Текстиль» ЖШС — жылына 2,3 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. 2014 жылы іске қосылған кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика «Оңтүстік» АЭА аумағындағы орналасқан.
Фабрикада 100-ге жуық азамат жұмыс істейді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықты сұранысқа қарай толықтай қамтып отыр. Экспорт көлемі де ұлғайған.
Фабрика іске қосылған кезеңнен бастап 5,2 млрд теңгенің өнімін өндірсе, экспорт көлемі жылына 120 млн теңгені құрап отыр.
Кәсіпорын өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда. Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды.Жылына 8,5 млн. шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға өнім экспортталған.
Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.
Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы. 10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен […]
Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында жалпы көлемі 210 гектар жер телімін құрайтын 10 саябақ, 44 гүлзар мен аллеялар, сондай-ақ 117 гектар аумақты қамтитын Дендросаябақ бар. Ағымдағы жылы Сәуле және Шымсити шағын аудандарындағы екі саябақтың құрылысы […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданында құс фабрикасының ашылуына қатысты. «Аймар Құс» ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба […]
Пікір қалдыру