ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫНЫҢ 1\4 ШИРЕК ФИНАЛЫ ӨТТІ

Бүгін Республика күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарман» лигасының 1\4 ширек финал ойыны өтті.
Аталған жобаның мақсаты – жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, елімізде белсенділігі күшейген жобада жастарға қолдау көрсету.
«Жайдарман» ойындарына қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары қатысып, 8 қазан күні «Жайдарман» ойынының маусымашар кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Оған іріктеуден өткен 18 команда өтіп, ережеге сәйкес, 14 команда «Жайдарман» лигасының 1\4 ширек финалына жолдама алған болатын.
Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Онда сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.

Әділ қазылар қатарында Нысана театрының актері, ардагер жайдарманшы Абай Аязбаев, әнші Әділет Жауғашар, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы басшысы Мағжан Исахов, 2017 жылғы жайдарман ойынының жоғары лига чемпионы Нұрсұлтан Усенов және 2018 жылғы жайдарман ойынының жоғары лига чемпионы Ұлан Мықтыбек төрелік етті.
«Жайдарман» лигасының 1\4 ширек финал ойынында әділ қазылардың шешімімен жартылай финалға 8 команда жолдама алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*