Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті

Тұрақтылық пен бірлік — Қазақстанымызды өркендететін негізгі аспектр болып табылыды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір жолдауында бірлігіміз мығым, татулығымыз берік болсын дегеннен қазақ жастар етек-жеңін жиып, патриоттық сезім бойын кернеп өтеді. Шымкен қаласында Президенттің тапсырмасы бойынша этнос өкілдері болсын, қазақ халқы болсын арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Бұл бағытта Шымкент қаласының сала мамандары әр шағын ауданмен жеке-жеке кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Тұран ауданы, Түркістан, Карл Маркс және көкбұлақ  шағын аудандарының тұрғындарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсініктер берілді.
Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты. Аталған кездесуде тек түсіндірмелер емес, тұрғындар тарапынан сауалдар немесе шешімін таппай жүрген мәселелер болса, ортаға салынып бір нәтижесін шығаруға көмектесті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*